Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Шетелдік фотограф: Маңғыстау – бағаланбай жүрген табиғат ғажайыбы

|
15.11.2025 11:38
Шетелдік фотограф: Маңғыстау – бағаланбай жүрген табиғат ғажайыбы
Nick_mge

Өңірге келген шетелдік фотограф, видеооператор Nickmge Маңғыстау даласын «бағаланбай жүрген табиғи ғажайыптардың бірі» деп атап, әлеуметтік желіде пост жариялады, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Шетелдік саяхатшының фотосуреттерінен Қызылкүп, Бозжыра, Айрақты жерлерін көруге болады. Аймақтың туристік әлеуетін жоғары бағалаған саяхатшы жазбасында Маңғыстау табиғатының сұлулығы тек көріп кететін емес, мәңгі есте қалатын әсер сыйлайтынын айтады.


- Бір ғана жерде осыншалық көріністің тоғысуына — сену қиын. Қабырғадай тік көтерілген, биік, алып қызғылт жартастар. Ұшы-қиыры жоқ жазықтар. Ашық түсті тастардан құралған каньондар. Осы көріністің ортасындағы түйе — тіршіліктің белгісіндей. Мен бұл жерлерден жай ғана өтіп кетемін деп ойладым. Сөйтсем, бұл көрініс менің жанымда сақталыпты, - деп жазды Nickmge.

24
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!