Әр ананың жүрегі – терең, мейірімге толы теңіздей…
Ақтау қаласының әсем теңіз жағалауында ерекше балалардың аналарына арналған шабытты кездесу өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – аналарға эмоционалдық демалыс сыйлап, олардың ішкі тыныштығын қалыптастыруға, шығармашылық арқылы қуаттануына жағдай жасау.
Кездесу барысында қатысушы аналарға:
💭 Ішкі тыныштық пен демалу сессиясы
🎨 Армандар картасын жасау бойынша шығармашылық шеберхана
☕️ Жылы әңгіме, қолдау және жағалаудағы жайлы пикник
📸 Керемет фотосәттер мен ерекше естеліктер ұсынылды.
Жобаның басым бағыты “Жаңаөзен қаласындағы психоневрологиялық патологиясы бар балалардың ата- аналарына психологиялық қолдау көрсету” және негізгі тақырыбы “Арнайы санаттағы балалардың ата-анасына қолдау көрсету”
Теңіз жағасының тыныштығы мен аналардың өзара қолдауы бұл күнді нағыз рухани демалысқа айналдырды. Шараға қатысқан аналар өздеріне жаңа күш, сенім және шабыт алғандарын атап өтті.