Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарыққа үздіксіз жеткізу үшін әуе тасымалдау әлеуетін белсенді қолдануды тапсырды

|
14.11.2025 14:20
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарыққа үздіксіз жеткізу үшін әуе тасымалдау әлеуетін белсенді қолдануды тапсырды
Ақорда

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында айтты, деп хабарлайды otpannews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


«Сарапшылардың болжауынша, алдағы 10 жылда әлемде мал етіне сұраныс 233 миллион тоннаға дейін ұлғаюы мүмкін. Қазақстан еттің осы түрін экспорттаушы ірі елдердің бірі бола алады. Алғашқы кезекте Азия елдерін қамтамасыз етуіміз керек. Қой етін экспорттауда еліміз Моңғолия, Нидерланд, Испания және Франция сияқты мемлекеттерден кейінгі орында тұр. Бірақ бізде жайылымдық жер жеткілікті. Қой шаруашылығының экспорттық әлеуетін толық таныту үшін жағдай жасау қажет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 


Президент Жолдауда аграрлық экспортты дамыту жоспарын әзірлеу міндетін жүктегенін атап өтті. 


«Жолдауда аграрлық экспортты дамытудың жоспарын әзірлеу жөнінде міндет жүктедім. Бұл құжат логистиканы, ветеринариялық және фитосанитариялық стандарттарды, сондай-ақ сауатты маркетингтік стратегияны ескере отырып дайындалуы керек. Мәселен, Парсы шығанағы елдері біздің ет өнімдерін жыл бойы тасымалдауға ниетті. Бірақ бізде ауыл шаруашылығы өнімдерін әуе көлігімен тасымалдау ісі дұрыс үйлестірілмеген әрі тиісті деңгейде реттелмеген. Көп жағдайда кәсіпкерлер жүкті жеткізу мәселесін өздері шешуге мәжбүр. Бүгін маған тұрақты рейстермен Әмірліктерге ет жеткізіле бастағаны жөнінде мәлімет берілді. Бұл тәжірибені аса дұрыс деп айта алмаймыз. Сонымен қатар Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Ақтау әуежайлары логистикасы дамыған әрі халықаралық әуе бағыттарымен интеграцияланған өңірлік хабқа айнала алады. Оларға арнайы экономикалық аймақтар аясында артықшылықтар берілген. Әуежайлардың толық қуатында жұмыс істеуі ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарыққа үздіксіз жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл мәселені Үкімет жан-жақты пысықтауы керек», - деді Президент.
15
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!