Жаңаөзенде ерекше балалардың ата-аналарына арналған психологиялық қолдау жобасы аясында фотосессия өтті
Жаңаөзен қаласында психоневрологиялық патологиясы бар балалардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік жоба аясында арнайы фотосессия ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – ата-аналардың эмоционалдық жағдайын қолдау, олардың өміріндегі қуанышты сәттерді айшықтап, қоғамда инклюзивті мәдениетті дамыту.
Фотосессия барысында ата-аналар мен балаларға кәсіби мамандар қызмет көрсетіп, жылы атмосфера қалыптастырылды. Қатысушылар өзара әңгімелесіп, тәжірибе алмасып, бір-біріне рухани қолдау көрсетті.
Аталған іс-шара «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ тапсырысы бойынша, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен, «Көмек командасы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен еді.
Жобаның басым бағыты “Жаңаөзен қаласындағы психоневрологиялық патологиясы бар балалардың ата- аналарына психологиялық қолдау көрсету” және негізгі тақырыбы “Арнайы санаттағы балалардың ата-анасына қолдау көрсету”
Жоба ұйымдастырушылары мұндай іс-шаралар ерекше қажеттіліктері бар балалар тәрбиелеп отырған отбасылардың өзін қоғамның маңызды бөлігі ретінде сезінуіне, өз күшіне деген сенімін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.