Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстаулық дзюдошы Абу-Даби Гранд Слэмінде бақ сынайды

|
14.11.2025 15:10
Маңғыстаулық дзюдошы Абу-Даби Гранд Слэмінде бақ сынайды
Ашық дереккөзден

Маңғыстаулық дзюдошы Азат Күмісбай Grand Slam турнирінде сынға түседі, деп хабарлайды otpannews.kz.


28-30 қараша күндері аралығында Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін сынға қатысатын ұлттық құрама тізімі жария болды. Олардың қатарында 81 келіде жерлесіміз Азат Күмісбай татамиге шығады деп күтіліп отыр.


Ол өткен жылы Душанбеде жастар арасында өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған еді.


Ерлер:

60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан 

66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев

73 келіге дейін: Есет Қуанов

81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Азат Күмісбай

90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков

100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров

100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев


Әйелдер:

48 келіге дейін: Абиба Әбужақынова

57 келіге дейін: Бақыт Құсақбаева

63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова.


Айта кететін жайт, 10-13 қараша күндері Семейде дзюдодан өткен ел чемпионатында Маңғыстау облысының құрамасы жалпыкомандалық есепте көш бастады. Өңір спортшылары ҚР біріншілігінде 3 алтын, 1 қола жүлде иеленген болатын. 

48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!