Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Сайөтес ауылының шаруа қожалық иесі мемлекеттік наградаға ие болды

Сайөтес ауылының шаруа қожалық иесі мемлекеттік наградаға ие болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ауыл шаруашылығы саласының 30 еңбеккері мемлекеттік награда алды. Олардың қатарында ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталған Маңғыстау ауданы Сайөтес ауылындағы «Нақхан» шаруа қожалығының иесі Мырзатай Қойшыбаев та бар, деп хабарлайды otpannews.kz.


Мырзатай Қойшыбаев 1958 жылы 25 қаңтарда Маңғыстау ауданы Ақшымырау ауылында дүниеге келген. Осыған дейін ол Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хатымен», Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылық саласының үздігі» белгісімен, ауданның 2008 жылғы «Жылдық үздік фермері» атағымен марапатталды. Бүгінде Мырзатай Қойшыбаев 7 баланы тәрбиелеп отырған ардақты әке.


 «Нақхан» шаруа қожалығы - асыл тұқымды Адай жылқысын өсірумен, қымыз өндірумен айналысады.


Айта кетейік, марапат алғандардың арасында бір адам – «Парасат» орденінің, ал алты адам – «Құрмет» орденінің иегері атанды. Сонымен қатар бір азамат II дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, 10 адам III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, ал алты еңбеккер «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!