Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Жаңаөзенде психоневрологиялық патологиясы бар балалардың ата-аналарына арналған әлеуметтік жобаның қатысушылары марапатталды

|
14.11.2025 15:54
Жаңаөзенде психоневрологиялық патологиясы бар балалардың ата-аналарына арналған әлеуметтік жобаның қатысушылары марапатталды

«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ тапсырысы бойынша, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен және «Көмек командасы» қоғамдық қоры жүзеге асырып отырған «Жаңаөзен қаласындағы психоневрологиялық патологиясы бар балалардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету» әлеуметтік жобасы аясында 7 ай бойы үздіксіз қатысқан ата-аналарға салтанатты түрде сертификаттар табысталды.


Жоба барысында қатысушылар психологиялық тренингтерге, шығармашылық сессияларға және қолдау топтарына қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Марапаттау рәсімі қатысушылардың еңбегін дәріптеу, олардың қоғамдағы белсенділігін қолдау және ерекше балалар тәрбиелеп отырған аналарға құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды.


Салтанатты шарада қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді, ал жылы әрі қолдау атмосферасы ата-аналарға жаңа шабыт пен күш-қуат сыйлады. Жобаның ұйымдастырушылары мұндай іс-шаралар отбасы құндылықтарын нығайтуға, қоғамда инклюзивті мәдениетті дамытуға және ата-аналардың психологиялық денсаулығын қолдауға септігін тигізетінін атап өтті.

38
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!