Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Кендірлі» зауыты тәулігіне 50 мың текше метр суды тұшытады

|
14.11.2025 12:55
«Кендірлі» зауыты тәулігіне 50 мың текше метр суды тұшытады
ҚМГ

«Кендірлі» теңіз суын тұщыту зауыты өндірістік қуатына шықты және қазіргі кезде тәулігіне 50 мың текше метрге дейін суды тұшытуға қауқарлы, деп хабарлайды otpannews.kz. 


«ҚазМұнайГаздың» жазуынша, бүгінде зауытта құрылыс, жөндеу және іске қосу-реттеу жұмыстары 100% аяқталды. 


Зауыт Жаңаөзен қаласының және оған іргелес елді мекендердің тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, нысан «Астрахан–Маңғышлақ» магистральді су құбырының жүктемесін азайтып, өңірде өнеркәсіптің дамуына ықпал етпек.



Жалпы магистралды су құбырының ұзындығы 201,4 км (100,7 км-ден тұратын 2 желі) құрайды. Сонымен қатар электр беру желілері, талшықты-оптикалық байланыс желісі, газ құбыры және автожол салынды. 


Маңғыстау жұрты үшін әлеуметтік маңызды жобаны Мемлекет басшысының тапсырмасымен «ҚазМұнайГаз» компаниясы жүзеге асырды. 


Айта кетейік, зауытты биыл жыл соңына дейін Маңғыстау облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне өтеусіз беру жоспарланған.


40
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!