Сенатор Бекбол Орынбасаров Сам мен Тұрыш тұрғындарының мәселесін көтерді
Депутат Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысының Сам, Тұрыш және Ноғайты ауылдарындағы темір жол көлік мәселесі бойынша Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдады. Аталған ауыл халқының көтерген мәселесі – “Жезқазған - Маңғыстау” жүрдек пойызына аялдама қосу, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Биыл сәуір айынан бастап пойыздар кестесі өзгеріп, бұл стансаларда жолаушы түсіру тоқтатылған. Бұл ауылдарда 1500-ден астам адам тұрады. Ауыл тұрғыдары аудан орталығы Бейнеу мен облыс орталығы Ақтауға жету үшін теміржолды қолданады.
Сенатор Сам мен Тұрыш ауылдарына 2-3 минуттық аялдама жасау туралы өтініш жолдады.
“Осыған дейін «Маңғыстау – Алматы» бағытын қалпына келтірген едік, ендігі кезекте «Қарағанды – Маңғыстау» пойызына аялдама енгізу туралы ұсыныс жасадым. Сондай-ақ жаңадан іске қосылған «Жезқазған – Маңғыстау» жүрдек пойызының да осы ауылдарға тоқтау мүмкіндігін қарастыру қажеттігін алға тарттым”,- деді депутат Бекбол Орынбасаров.
53
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев