Otpan News Logo

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға шықты

|
08.05.2026 15:34
Шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға шықты
Фото: iihf.com

Шайбалы хоккейден Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық дивизионға жолдама алды.


4-тур аясындағы тартысты ойында отандастарымыз Украинамен негізгі уақыт және овертаймда 4:4 есебімен тең түскенімен, буллит сериясында сәттілік (2:1) біздің жағымызда болды. Кездесу барысында Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Роман Старченко, Батырлан Мұратов мергендік танытып, жеңіске үлестерін қосты.


🇰🇿Қазақстанның әлем чемпионатындағы көрсеткіші:

🇰🇿Қазақстан🆚🇱🇹Литва - 4:1

🇰🇿Қазақстан🆚🇯🇵Жапония - 6:0

🇰🇿Қазақстан🆚🇵🇱Польша - 3:2


Бұған дейін Қазақстан құрамасы 2021-2025 жылдар аралығында элиталық дивизионда өнер көрсеткен еді.

Енді жерлестеріміз ертең шешуші турда топтағы басты фавориттің бірі саналатын Франциямен шеберлік байқасады.


123
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!