Otpan News Logo

Маңғыстаулық дәрігер Ербол Кенжевалов 7 жастағы бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды

|
13.05.2026 13:38
Маңғыстаулық дәрігер Ербол Кенжевалов 7 жастағы бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды

7 жастағы бала жедел жәрдеммен Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылынан Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Баланың басына НКТ темір құбыры құлап, жарақат алған, деп хабарлайды otpannews.kz.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер ауыр ашық бас-ми жарақатын, оң жақ төбе сүйегінің бас сүйек негізіне өтетін жаншылған көпжарықшақты сынуын, мидың жаншылуын, пневмоцефалияны, ликвореяны, мидың ауыр дәрежедегі ісінуін, ауыр травматикалық шок пен постгеморрагиялық анемияны анықтады.


Нейрохирург дәрігер Ербол Кенжеваловтың жетекшілігімен шұғыл операция жасалды. Ота кезінде бас сүйегіне трепанация жүргізіліп, жаншылған сүйек фрагменттері алынып, қатты ми қабығына пластика жасалды. Күрделі операция 21:40-та басталып, 00:10-да сәтті аяқталды.


- Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты. Бүлдіршін есін жиып, өздігінен тамақтанып жатыр. Әке-анасын таниды. Жағдайы тұрақты бақылауда,- деді нейрохирург дәрігер Ербол Кенжевалов.

103
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!