Otpan News Logo

Ақтауда 18 шағынаудандағы жолға мониторинг жасалды

|
14.05.2026 14:41
Ақтауда 18 шағынаудандағы жолға мониторинг жасалды

«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы Раушан Аймұрзаева және өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері 18 және 18 а шағынаудандардағы жолдың жағдайына мониторинг жүргізді.


Тұрғындар жаяу жүргіншілерге арналған жолдың талапқа сай емес екенін айтады. Жаңбыр жауған кезде су жиналып, жүруге қиындық тудырады. Мониторинг барысында абаттандыру жұмыстары да сын көтермейтіні анықталды. Жол жиегіндегі орындықтар сынған, брусчаткалар бөлініп кеткен.


Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Әсет Баспаев жаяу жүргіншілер жолы мамыр айында жөнделетінін айтты. Дегенмен, бұл барлық мәселені толық шешпейтіні анық.


Ал 18-шағынаудан 21-үй маңындағы жол шамамен 5 жылдан бері жөндеу көрмеген. Жолдың қазіргі жағдайы көлік жүргізушілеріне де, тұрғындарға да қолайсыз. Әсіресе, қыс мезгілінде қозғалу қауіпті. Алайда жауапты мамандар бұл жол жақын арада жөнделмейтінін жеткізді. Бұған жол жанындағы тұрғын-үй құрылысының аяқталмауы және қаржының бөлінбеуі себеп болып отыр.


Кеңес мүшелері аталған аумақты мамыр айының соңында қайта тексеретінін айтты. Сондай-ақ тұрғындар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау қажет екенін ескертті.

67
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!