Otpan News Logo

«Біздің даламызды біз үшін ешкім келіп тазаламайды»: Нұрдәулет Қилыбай Айрақтыдағы экологиялық акцияға қатысты

«Біздің даламызды біз үшін ешкім келіп тазаламайды»: Нұрдәулет Қилыбай Айрақтыдағы экологиялық акцияға қатысты

Маңғыстауда Айрақты тауының етегінде экологиялық акция өтті. Шараға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай волонтерлермен, экологтармен және мемлекеттік қызметкерлермен бірге қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Акция барысында қатысушылар өңірдегі ең танымал табиғи орында демалушылар қалдырған тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты тек аумақты тазалау ғана емес, табиғатқа әр адамның жауапкершілікпен қарауы керек екенін еске салу.


Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» ұғымы қоғам санасына сіңіп келеді. Алайда бүгінгі таңда ата-бабамыз жанын қиып қорғаған қасиетті жерлерде демалушылардың қоқыс қалдырып кететін жағдайлары әлі де кездеседі. Осыған байланысты әріптестерімізбен және жергілікті тұрғындармен бірге волонтерлік топ құрып, табиғатты тазалау жұмыстарына атсалысуға келдік. Біздің даламызды сырттан келіп ешкім тазалап бермейді. Бұл – біз барған жалғыз ғана орын, ал мұндай аумақтар өңірімізде көп. Сондықтан қай жерде жүрсек те айналамызды таза ұстап, өскелең ұрпаққа тазалық мәдениетін насихаттау – баршамызға ортақ міндет деп санаймын және тазалық сақтауға шақырамын, – деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.


Өңір басшысы Маңғыстауда мұндай табиғи аумақтардың ондаған екенін атап өтіп, оларды сақтау әр адамның демалыс мәдениетіне байланысты екенін айтты.

55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!