Ольга Платоновна: бейбіт күннің қадірін білейік
Ардагер — елін, жерін қорғап, халқына қызмет еткен құрметті жандардың бірі. Солардың қатарында Ольга Платоновна да бар.
Ольга Платоновна 14 жасында соғыстың ауыр кезеңдерін өз көзімен көріп, барлық қиындықты басынан өткергенін айтып берді. Ол кезде сабақ оқып, достарымен бірге алаңсыз уақыт өткізуі керек еді. Алайда соғыс оның балалық шағын тартып алды. Ол әр жерде жатқан адамдардың мәйіттерін, ауыр жарақат алып, орнынан тұра алмай жатқан жандарды, соңғы сәттерін отбасымен емес, бөтен жерде жалғыз өткізген адамдарды көзімен көргенін баяндады.
Біз, “Has Qanat” ұйымы және тағы бірнеше адам болып, Ольга Платоновнаның үйіне барып, сұхбат алдық. Үйіне барған сәтте немересі бізді жылы қарсы алып, барлығымен таныстырды. Өзінің жасына қарамастан, Ольга Платоновна күн сайын жаттығу жасап, сүйікті хоббиларының бірі — тігінмен айналысады. Ол жастықтар тігіп, қолөнер жасауды ұнатады. Немересінің айтуынша, Ольга Платоновна қажетті заттарды сатып алғаннан гөрі, қолда бар дүниелерден жасағанды жөн көреді екен.
Соғыстың аяқталғанына 81 жыл өтсе де, әжеміз сол күндерді кешегідей еске алады.
Ольга Платоновна 1927 жылдың 14 шілдесінде Польшада дүниеге келген. 2015 жылы Украинадағы Днепропетровск облысының Вольногорск қаласынан Ақтау қаласына қоныс аударған. Ардагердің айтуынша, Донбастағы әскери қақтығыстарға байланысты туған қаласын тастап, Ақтауда тұратын немересінің жанына көшіп келген.
Ольга Платоновнаның Польшадан Ақтауға көшуінің басты себебі — соғыс болды. Соғыс кезінде көптеген адамдар қауіпсіз жер іздеп, басқа аймақтарға эвакуацияланған. Ал Ақтау өңірі тыныштау болғандықтан, ол осы жаққа қоныс аударған.
Қазіргі таңда Қазақстанда Ұлы Отан соғысының көзі тірі 57 ардагері ғана қалған. Олардың жасы шамамен 100-ден асқан. Сонымен қатар тыл еңбеккерлері мен соғысқа қатысқан өзге де азаматтар бар.
Осындай ардагерлердің өмір жолын тыңдай отырып, қазіргі жастар соғыстың қаншалықты ауыр әрі қайғылы екенін түсінуі керек. Ең бастысы — елімізде бейбітшілік болып, соғыс қайталанбасын деп тілеу қажет. Қазақстанымыз аман болып, аспанымыз әрдайым ашық болсын!
Назжан Сарсенбай