Otpan News Logo

«Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе» автожолындағы орташа жөндеу жұмыстарынан кемшілік анықталды

|
13.05.2026 16:25
«Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе» автожолындағы орташа жөндеу жұмыстарынан кемшілік анықталды

Жол активтері ұлттық сапа орталығының Маңғыстау облыстық филиалы республикалық маңызы бар KR-10 «Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе» автомобиль жолының 91-161 шақырым аралығындағы орташа жөндеу жұмыстарына кезекті инспекциялық бақылау жүргізді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Орталықтың мәліметінше, бақылау кезінде нысанға 3 рет инспекциялық шығу ұйымдастырылып, жол-құрылыс материалдарынан 34 сынама алынды. Сынамалар зертханалық тексеруден өткізілді.


- Сараптама қорытындысы бойынша алынған материалдардың үшеуі қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Сондай-ақ, технологиялық талаптардың бұзылуына қатысты екі ақау тіркелді, - деп атап өтті Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы.


Орталық анықталған кемшіліктерді жою үшін мердігер мекеме — «Ақ жол құрылыс» ЖШС-ға және техникалық қадағалаушы «Сапалы құрылыс инжиниринг» ЖШС-ға - тиісті нұсқама берді.

80
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!