Otpan News Logo

Бір жыл бойы хабарласып, соңынан қалмаған: Ақтауда ер адам сталкинг үшін сотталды

Бір жыл бойы хабарласып, соңынан қалмаған: Ақтауда ер адам сталкинг үшін сотталды

Ақтау қалалық сотында жәбірленушінің еркінен тыс аңду және үнемі мазалау дерегі бойынша ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Айыпталушы күш қолданбаса да, жәбірленушіге психологиялық қысым жасап, қорқыныш пен мазасыздық туғызған, деп хабарлайды otpannews.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Іс материалдарына сәйкес, ер адам 2025 жылдың ақпанынан 2026 жылдың ақпанына дейін жәбірленушінің еркінен тыс байланыс орнатуға бірнеше рет әрекет жасаған. Ол қыз барған жерлерге барып, соңынан еріп, үйіне дейін ілесіп жүрген. Сонымен қатар әртүрлі нөмірлерден және WhatsApp арқылы хабарлама жіберіп, қайта-қайта қоңырау шалған.


Салдарынан жәбірленушінің тыныштығы бұзылып, жеке қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық күшейген. Прокурор соттан айыпталушыны кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмыс тағайындауды сұрады.


Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап, мұндай әрекетті қайталамайтынын айтқан.


Сот жаза тағайындау кезінде оның кінәсін мойындауын және өкініш білдіруін ескеріп, ауырлататын мән-жайлар жоқ екенін атап өтті.


Нәтижесінде сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Үкім заңды күшіне енді.

55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!