Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Сауда және интеграция министрі: Ақтау және Құрық порттарында контейнерлік хаб пен «Саржа» терминалы бой көтереді

|
25.11.2025 11:11
Сауда және интеграция министрі: Ақтау және Құрық порттарында контейнерлік хаб пен «Саржа» терминалы бой көтереді
ҚР Үкіметі

Президенттің Қазақстанды негізгі көлік-логистикалық торапқа айналдыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде елімізде бес ірі трансшекаралық хаб жүзеге асырылуда. Бұл туралы Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Ол бүгінгі таңда барлық бағыт бойынша басқарушы компаниялар анықталып, инфрақұрылымдар құрылысы қарқынды жүріп жатқанын баяндады.


Атап айтқанда, Өзбекстанмен шекарада елдер арасындағы тауар айналымын $10 млрд-қа дейін жеткізуге арналған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы құрылуда. Еліміздің шығысында «Қорғас» ХШЫО» мен «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақтарын біріктіретін Қорғас торабы дамуда. Мұнда Қытаймен өткізу қабілетін арттыру үшін SkyHansa халықаралық әуежайы және жаңа логистикалық кешендер салынуда.


Арман Шакқалиевтің айтуынша, осылармен қатар Каспий торабын дамыту бойынша да жұмыстар жүргізілуде, онда Ақтау және Құрық порттарында контейнерлік хаб пен «Саржа» көпфункционалды терминалының құрылысы бой көтермек. Батыс бойынша БҚО-да Ресейге экспортқа бағдарланған «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы жұмыс істеп тұр. Ал Жамбыл облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағдарында Индустриялық сауда-логистикалық кешен құрылуда. Ол Қырғызстанмен шекарада тауар ағындарын өңдеуді және бөлуді қамтамасыз етеді.



«Біз инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың белсенді кезеңіне аяқ басқалы отырмыз. Бұл кезеңде жобаларды нақты іске қосуға, логистикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге және бизнесті кооперацияның жаңа форматтарына тартуға баса назар аударылатын болады. Бұл хабтарды іске қосу шекара маңындағы мемлекеттермен сауда процестерін едәуір жеделдетуге, шикізаттық емес экспорт көлемін 30%-ға арттыруға және қазақстандық компаниялар үшін тиімді логистикалық жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті министр.
46
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!