Ақтауда теолог мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған семинар өтуде
Ақтауда теолог мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған семинар өтіп жатыр. Шараның спикері - PhD докторы, исламтанушы Қайрат Құрманбаев, деп хабарлайды otpannews.kz.
Семинардың мақсаты — радикалды көзқарастағы топтармен жұмыс жүргізу тәсілдерін түсіндіру, сондай-ақ деструктивті идеологияның қоғамға таралуын болдырмау жолын талқылау.
Іс-шара барысында сала мамандары қазіргі таңдағы діни ахуал, деструктивті ағымдардың ерекшеліктері, психологиялық ықпал ету тетіктері және қайта әлеуметтендіру әдістері бойынша тәжірибе алмасып, практикалық дағдыларын жетілдіреді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинар мамандардың діни-құқықтық сауаттылығын арттыруға, кәсіби дағдыларын жетілдіруге және қоғамда діни тұрақтылықты сақтауға бағытталған.
Бүгінгі семинар облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Оқытудың басты мақсаты – қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету, діни алауыздықтың алдын алу, радикалды көзқарастағы топтардың алдын алу бағытында теолог мамандармен кездесіп, олардың біліктілігін арттыру. Қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, діни алауыздықтың алдын алу – кез келген мемлекет үшін өзекті мәселе. Бұл тақырып бүгінгі таңда елімізде де басты басымдықтардың бірі болып отыр, – деді исламтанушы, PhD докторы Қайрат Құрманбаев.
42
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев