Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда «Үлгілі жүргізуші–2025» акциясы өткізілді

|
25.11.2025 12:25
Маңғыстауда «Үлгілі жүргізуші–2025» акциясы өткізілді

Маңғыстау облысында жол қозғалысы мәдениетін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «Үлгілі жүргізуші–2025» акциясы өткізілді. Патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін мінсіз сақтап, тәртіптілігімен өзгелерге үлгі болып жүрген автокөлік жүргізушілерін анықтап, оларға алғыстарын білдіруде.


Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, акция барысында биыл 10-нан астам жүргізуші өздерінің ұқыптылығы, жол ережелерін бұзбауы және қауіпсіздік талаптарын жоғары деңгейде сақтауы үшін марапатталды.


Іс-шара кезінде патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілерді кездейсоқ тәртіппен тоқтатып, құжаттарын тексеріп, мінсіз жүргізу тәжірибесі бар азаматтарға символикалық сыйлықтар мен Департаменттің Алғыс хаттарын табыстады. Марапатталғандардың қатарында ондаған жыл бойы жол үстінде жүріп, бірде-бір рет ереже бұзбаған, жүргізушілік мәдениетімен ерекшеленетін азаматтар бар.


Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жолдағы қауіпсіздік ең алдымен жүргізушінің жауапкершілігіне, тәртібі мен өзгеге деген құрметіне байланысты. Осындай үлгілі азаматтарды қолдау — жастарға жолда өзін дұрыс ұстауға үлгі көрсетуге бағытталған маңызды қадам.


Маңғыстау облысы Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға, жолда өзара құрмет пен сақтық танытуға шақырады.

66
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!