Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Қарақия ұстаздары облыстық “Жайдарман” ойындарының жеңімпазы атанды

|
25.11.2025 12:23
Қарақия ұстаздары облыстық “Жайдарман” ойындарының жеңімпазы атанды

Маңғыстау облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен, Маңғыстау Жайдарман филиалы және «Боранқұл» Жайдарман ҚҚ ұйымдастыруымен өткен 2025 жылғы облыстық Жайдарман чемпионаты өз мәресіне жетті. Финалда Қарақия ауданынан шыққан «Ұстаздар» биылғы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Биылғы маусымда барлығы 14 команда бақ сынады. Топ ішінде оқ бойы озық шығып, “Ұстаздар” тобының жоғарғы лига чемпионы атануы – облыс тарихында қалар оқиға. Өйткені Маңғыстауда ұстаздардың жайдарман ойындарына қатысуы алғаш рет орын алып отыр. 


Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз командаға 350 000 теңге көлемінде қаржылай сый табысталып, ойыншыларға номинациялар табысталды. Финалда ерекше өнерімен көзге түскен жеңімпаз топтың мүшесі Ербол Кенкараев «Үздік ойыншы» атағын жеңіп алды.

47
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!