Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстаулық биолог: «Елді мекендерде жабайы жануарлардың пайда болуы оба мен құтырма аурудың таралу қаупін күшейтеді»

|
24.11.2025 11:03
Маңғыстаулық биолог: «Елді мекендерде жабайы жануарлардың пайда болуы оба мен құтырма аурудың таралу қаупін күшейтеді»
blizko.by

Бейнеу ауылында жабайы түлкілердің мектеп оқушыларына шабуыл жасағаны белгілі болды. Олар дене жарақатын алып, медициналық көмекке жүгінген. Балаларға қажетті екпелер егілді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Маңғыстау облысының биологы Әділбек Қозыбақов оқиғаға қатысты алаңдаулы екенін жеткізді. Оның айтуынша, елді мекендерде жабайы жыртқыштардың байқалуы — түрлі қауіпті аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін.


«Әдетте жануарлар елді мекендерге кеміргіштердің, мысалы, үлкен құмтышқанның көбеюі салдарынан жақындайды. Егеуқұйрықтар мен тышқандар оба мен құтыру ауруларын жұқтыруы мүмкін, ал одан кейін бұл індет адамға жұғады. Жабайы жануарлардың елді мекендерде пайда болуы экожүйедегі тепе-теңдіктің бұзылғанын көрсетеді. Бұған – адамның табиғатқа араласуы себеп», – дейді Әділбек Қозыбақов.


Маманның айтуынша, тиісті мамандар эпизоотологиялық зерттеулер жасап, кеміргіштерге қарсы дератизация жұмыстарын күшейтуі қажет.

66
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!