Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Балаларды зиянды ақпараттан қорғау күшейді: 38 мыңнан астам ресурс бұғатталды

|
24.11.2025 10:50
Балаларды зиянды ақпараттан қорғау күшейді: 38 мыңнан астам ресурс бұғатталды
Егемен Қазақстан

Қазақстанда балаларға зиянды және заңға қайшы контент таратқан 38 мыңнан астам интернет-ресурс анықталып, бұғатталды. Бұл көрсеткіш «Киберқадағалау» мониторинг жүйесінің жұмысы арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды otpannews.kz Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.


Комитеттің мәліметінше, балалардың онлайн кеңістікте белсенді болуы ата-аналардан да, мамандардан да жаңа сақтық шараларын талап етеді. Цифрлық ортада қауіптердің алдын алуда отбасы тарапынан бақылау негізгі рөл атқарады.


Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова ата-аналардың жауапкершілігін ерекше атап өтті:


«Ата-ана бақылауын күшейту өте маңызды. Бала қандай сайттарды қарайтынын, кіммен онлайн байланыс жасайтынын қадағалау қажет. Сондай-ақ құрылғыларда ата-ана бақылауы функцияларын қосып қойған жөн. Бұл қауіп-қатерді дер кезінде анықтап, баланы зиянды контенттен қорғауға мүмкіндік береді», – деді ол.


Қазақстанда балаларды зиянды ақпараттан қорғау жұмысы «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заң талаптарына сүйенеді. Заң мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін, қауіпті контентті анықтау, талдау және бұғаттау механизмдерін нақтылайды.


Соңғы жылдары киберқауіпсіздікке қатысты заңнама да күшейтілді.

2022 жылы «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдары заңға енгізілсе, 2024 жылдан бастап жәбірлеу үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.


Биылдың өзінде, 10 ай ішінде:

• 339 әкімшілік іс тіркелген;

• Соның 198-і – буллинг фактілері бойынша шара қабылдаумен аяқталған.


Мамандар бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса беретінін, ал ата-аналардың цифрлық сауттылығы мен баламен ашық байланысы ең тиімді қорғаныс екенін жеткізеді.

65
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!