Маңғыстауда медицина саласын дамытуға бағытталған маңызды меморандумға қол қойылды
Қытайдың Қарамай қаласынан келген жетекші дәрігерлер делегациясы Маңғыстау облысына арнайы іс-сапар жасап, жергілікті медицина ұйымдарымен тығыз әріптестік орнату туралы маңызды келісімге қол қойды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Сапар барысында қытайлық сарапшылар Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының жұмысымен танысып, заманауи жабдықтар мен көрсетілетін қызмет сапасына жоғары баға берді. Сондай-ақ, Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының жаңа ғимаратын аралап, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің деңгейін көрді.
Сапар соңында Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасында тараптар меморандумға қол қойып, Қарамай қалалық орталық ауруханасы мен өңірдің бірнеше медициналық мекемесі арасында ресми әріптестік орнатылды.
Бұл келісім аясында Ақтау мен Қарамай қалалары медициналық тәжірибе алмасуды жалғастырып, ортақ жобаларды іске асыратын болады.