Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ашық есік күнінде Түпқарағанның үш тұрғынынан онкология белгілері анықталды

|
25.11.2025 09:43
Ашық есік күнінде Түпқарағанның үш тұрғынынан онкология белгілері анықталды

Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері мен Түпқараған орталық аудандық емханасында «Ашық есік күні» өтті. Актауда 61, аудан орталығында 35 адам тексерістен өтті. Олар денсаулық жағдайын тегін қарап, мамандардан кеңес алды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты онкологиялық диспансердің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Келушілердің екеуінен, ал аудандық емханаға жүгінген төрт тұрғыннан онкологиялық ауруға күдік анықталды. Сонымен қатар Түпқарағанның тағы үш тұрғынынан қатерлі ісікке тән белгілер табылды. Тексерілген 25 азаматтан өзге де аурулар анықталып, оларға қажетті медициналық ұсыныстар берілді.


Түпқарағанның үш тұрғынынан цитологиялық талдауға материал алынып, зертханаға жіберілді. Актау мен ауданда барлығы 29 адам УДЗ арқылы тексерістен өтті. Бұдан бөлек, облыс орталығында 28 тұрғын төмен дозалы КТ-дан өтіп, 25 адамды маммологтар қабылдады.


Айта кетейік, облыстық онкологиялық орталық басшылығы «Ашық есік күндерін» дәстүрлі түрде өңірдің барлық аудандарында және облыс орталығында қатар ұйымдастырып келеді. Қазір бұл тәжірибе тиімділігін көрсетіп отыр.

40
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!