Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстаулық оқушылар халықаралық робототехника жарысында топ жарды

Маңғыстаулық оқушылар халықаралық робототехника жарысында топ жарды

Маңғыстаулық оқушылар Италия елінің Рим қаласында өткен «Fibonacci International Robot Olympiad» халықаралық чемпионатында жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жарысқа әлемнің 14 елінен (Италия, Финляндия, Румыния, Германия, Испания, Дания, Норвегия, Швеция, Әзірбайжан, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Филиппиндер) келген дарынды оқушылар қатысты.


Чемпионаттың нәтижесінде маңғыстаулық оқушылар 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленді. Атап айтқанда, Жаңаөзен қаласы «Жаңа толқын» мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары Зинулла Абдул Мансур және Ақмұрад Алдияр «Line Following» санаты бойынша І орын және «Lego Sumo» санаты бойынша ІІІ орынды иеленді.


Сонымен қатар оқушылардың жетекшісі №23 мектептің информатика пәні мұғалімі Мұхит Әлібек мұғалімдер арасындағы «Line Following» санатында ІІ орын алды.

71
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!