Otpan News Logo

Өңірлік кадр резерві – мемлекеттік басқарудағы сапалы жаңғыру

|
25.02.2026 16:08
Өңірлік кадр резерві – мемлекеттік басқарудағы сапалы жаңғыру
baq.kz

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, 2024 жылы өңірлік буынның топ менеджерлеріне бәсекелестік орнататын өңірлік кадр резервіне іріктеу басталды.


Бұл дегеніміз мемлекеттің әл-ауқатын дамытуға өз үлестерін қосатын, ел мүддесі жолында қызмет ететін дарынды жастарға әлеуметтік лифтті қамтамасыз ететіні анық.


Өңірлік кадр резерві жобасы өңірлердегі жастарды қолдауға бағытталған. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервіне алынған адамдар жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналасу мүмкіндігі қарастырылған.


Өңірлік кадр резерві - өңіріміздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жастарға берілген мүмкіндік. Жобаның мақсаты-прогрессивті және белсенді жас басқарушылар пулын қалыптастыру, аймақты дамыту бойынша жұмысқа талантты және белсенді жастарды тарту.


Жоба толықтай ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.


Қазіргі таңда, Агенттік Төрағасының  2023 жылғы 5 сәуірдегі №71 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына өзгерістер енгізілді.


Мемлекет басшысы білімді жастар, сыни тұрғыдан ойлайтын ел патриоттары елімізді басқаруға белсене атсалысуы керектігін бірнеше рет атап өтті. Кадрлық резерв жастарға осындай үлкен мүмкіндік береді. Өңірімізде алғаш өткен бул жобаға барлығы 301 өтініш түсті, ақтық кезеңге 40 үміткер іріктеліп өтті. Облыс әкімінің төрағалығымен өткізілген комиссия отырысының қорытындысы бойынша облыстық кадр резервіне 25 үміткерді іріктеп алу туралы шешім қабылданды.


Резервке өткен жастардың 21-і ер адам болса, ал 4-і әйел адам. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер саны-17, квазимемлекеттік қызметкерлер саны-5 және жеке сектор-3.


Іріктеуден өткендердің барлығы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындала алады. Резервте болу мерзімі – 2 жылды құрайды.


Қазіргі таңда «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 15-бабы 2-тармағына сәйкес, өңірлік кадрлық резервшілерінің 72 пайызы жергілікті атқарушы органдарының әр деңгейіндегі бос лауазымдарына конкурссыз негізде тағайындалды.


Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Маңғыстау облысы бойынша

Департаментінің басшысы

Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы


246
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!