Otpan News Logo

Өңірде мемлекеттік қызмет алу кезінде азаматтардың құқықтары қорғалуда

|
29.06.2026 11:34
Өңірде мемлекеттік қызмет алу кезінде азаматтардың құқықтары қорғалуда

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2026 жылдың 5 айындағы қорытындысы бойынша 124 қызмет алушының құқықтарын толық қалпына келтірді.


Қызмет алушылардың құқықтары өтініштер негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексерулер, сұрау салулар, қашықтықтан бақылау нәтижелері және «EgovKzBot2.0» Telegram-боты арқылы қалпына келтірілді.


Құқықтары қорғалған азаматтардың басым бөлігі жер қатынастары және сәулет-қала құрылысы салаларына қатысты мемлекеттік қызметтер бойынша өтініш білдірген.


Жыл басынан бері Департаментке келіп түскен шағымдардың ішінде 8-і жоспардан тыс тексеру, 46-сы сұрау салу арқылы қаралды. Нәтижесінде, дәлелденген шағымдар бойынша 23 қызмет алушының құқықтары толық қалпына келтірілді.


Мысалы, Департаментке Ақтау қаласы әкімінің аппараты (бұдан әрі - Әкім аппараты) тарапынан «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің Қағида талаптарының сақталмауына қатысты шағым түскен.


Талдау барысында Әкім аппаратымен қызмет көрсету нәтижесі қызмет алушыға ұсынылмағандығы анықталды.


Бұл ретте, Департаментпен шұғыл шешім қабылданып, Ақтау қаласы әкімінің атына тиісті шараларды қабылдау жөнінде ұсыным енгізілді.


Нәтижесінде қызмет алушының құқығы толық қалпына келтірілді.


Жалпы, Департаменттің араласуымен:

  • 77 қызмет алушының құқығы – қашықтықтан бақылау нәтижесінде,
  • 24 қызмет алушының құқығы – жоспарлы тексеру нәтижесінде,
  • 23 қызмет алушының құқығы – шағымдарды қарау нәтижесімен қалпына келтірілді.


Анықталған бұзушылықтар бойынша 25 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік шара қолданылды және рұқсат құжаттарын беру мерзімі мен тәртібін бұзғаны үшін ӘҚБтК 465-бабымен 17 мемлекеттік қызметшіге әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.


Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бұзушылықтарға тап болған азаматтар Департаментке тікелей жүгінуіне немесе «EgovKzBot2.0» Telegram-боты арқылы шағым түсіруіне болады.


Мекенжай: Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 71 ғимарат, 2-қабат

Тоқтамыс Жұмағұлов

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Маңғыстау облысы бойынша департаментінің

басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

67
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!