Otpan News Logo

Маңғыстауда экологиялық тазалық жұмыстары күшейтілді

|
29.06.2026 09:28
Маңғыстауда экологиялық тазалық жұмыстары күшейтілді
Фото: Бейнежазбадан скриншот

Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық науқаны аясындағы тазалық және абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Осы орайда өңірде жастардың бастамасымен экочеллендж ұйымдастырылып, Ақтау қаласында қураған шөптерді тазарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz.


«Жасыл ел» еңбек жасағының жастары ұйымдастырған сенбілік барысында Ақтаудағы «Достық үйі» ғимаратының артқы аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Жастар қоқыс жинап, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, аумақты абаттандыруға белсенді қатысқан. 


Іс-шараның басты мақсаты – жастардың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетті дәріптеу және тұрғындарды қоршаған ортаның тазалығын сақтауға жұмылдыруға бағытталған. Сенбілік соңында қатысушылар экологиялық бастамаларды кеңінен насихаттау мақсатында арнайы челлендж бастап, оның эстафетасын Жаңаөзен қаласының жастарына жолдады.


Сонымен қатар Ақтау қаласында қураған шөптерді тазарту жұмыстары да күн сайын жалғасып келеді. Қазіргі таңда бұл іске бірнеше мердігер ұйымның 250-ден астам қызметкері мен 20-ға жуық арнайы техника жұмылдырылған. Коммуналдық қызмет мамандары орталық көшелер мен шағынаудандардағы қураған шөптерді тазалап, аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға күш салып отыр. 


Мамандардың айтуынша, аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – дала өрттерінің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып отыр. Қураған шөптерді тазарту бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде жалғасуда. 


Экологиялық акциялар мен тазалық жұмыстары өңір тұрғындарының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, туған өлкенің тазалығын сақтауға және қауіпсіз экологиялық орта қалыптастыруға бағытталған.

68
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!