Otpan News Logo

Ақтауда елге еңбегі сіңген екі тұлғаға ескерткіш тақта орнатылды

|
28.06.2026 13:13
Ақтауда елге еңбегі сіңген екі тұлғаға ескерткіш тақта орнатылды

Маңғыстау өңірінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлері — Киікбай Рзаханов пен Тарас Хитуовтің құрметіне арналып, олар өмір сүрген үйге мемориалдық тақталар орнатылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Өңірдің өсіп-өркендеуіне аянбай еңбек етіп, жергілікті атқарушы органдарда абыройлы қызмет атқарған тұлғаларды еске алу іс-шарасы өтті.


Атап айтқанда, Түпқараған ауданы мен Маңғыстау облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы атанған Киікбай Рзаханұлының рухына тағзым етіліп, марқұмның өмірінің соңғы жылдарында тұрған мекенжайына мемориалдық тақта қойылды.


Сондай-ақ осы жиын барысында мемлекет және қоғам қайраткері, өндіріс саласының білікті басшысы болған Тарас Хитуовтің жарқын бейнесін еске алу мақсатында да мемориалдық тақта салтанатты түрде ашылды.


Ел жадында қалған азаматтарды еске алу рәсіміне отбасы мүшелері, туған-туыстары, әріптестері мен замандастары қатысты. Жиналған қауым тұлғалардың өнегелі өмір жолынан естеліктер айтып, олардың қоғам алдындағы сіңірген еңбегін жоғары бағалады.

43
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!