Otpan News Logo

Бес күн бұрын суға батқан адамның денесі табылды

|
27.06.2026 13:58
Бес күн бұрын суға батқан адамның денесі табылды

Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің акваториясында 1999 жылы туған ер адамды іздестіру бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ер адам шомылуға арналмаған жерде суға түскен кезде батып кеткен. Кешке қарай Мұнайлы ауданында, Каспий теңізінің жағалауында, оқиға орнынан 9 шақырым қашықтықта ер адамның денесі табылды.


«Іздестіру-құтқару жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД-ның күштері мен құралдары, ІІМ Ұлттық ұланы, ҰҚК Шекара қызметі, Әскери-теңіз күштері, Полиция департаменті, «YKK Kazakhstan LLP» ЖШС мамандары, еріктілер, жергілікті тұрғындар, сондай-ақ ТЖМ авиациясы жұмылдырылды. ТЖМ азаматтарды тек арнайы жабдықталған жағажайларда ғана шомылуға, жабдықталмаған жерлерде суға түспеуге, балаларды қараусыз қалдырмауға және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Есіңізде болсын, қарапайым қауіпсіздік шараларын елемеу қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін»,- дейді ТЖМ мамандары.
98
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!