Otpan News Logo

Маңғыстауда прокурорлар борышкерлерден 120 млн теңгеден астам қаражат өндірді

Маңғыстауда прокурорлар борышкерлерден 120 млн теңгеден астам қаражат өндірді
ашық дереккөзден

Ақтау қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың пайдасына алименттердің уақтылы өндірілуін қамтамасыз ету және мемлекет кірісіне ақшалай қаражатты қайтару бойынша жұмыс жүргізді, деп хабарлайды otpannews.kz прокуратураға сілтеме жасап.


Жыл басынан бері қабылданған шаралардың нәтижесінде балалардың пайдасына 82,3 млн теңге сомасындағы алимент бойынша берешек өтелді.


Төлемей жүргендердің міндеттемелерін орындау үшін борышкерлердің мүлкіне, соның ішінде пәтерге, екі жер учаскесіне және екі автокөлік құралына өндіріп алу шаралары қолданылды.


Табысын жасырғаны және балаларын асырап-бағу жөніндегі міндеттерін орындаудан жалтарғаны үшін 41 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 15 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.


Табысын жасырғаны және ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарғаны үшін 41 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 борышкер бойынша қылмыстық іс тіркелді.


Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекет кірісіне 46,8 млн теңгенің түсуі қамтамасыз етілді.


Алименттік міндеттемелер бойынша берешегі бар азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектесу үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оның қорытындысы бойынша 33 адам тұрақты негізде жұмысқа орналасуға ниет білдірсе, тағы 18 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелді.


Алимент пен мемлекет кірісіне берешекті уақтылы төлеу - әрбір борышкердің міндеті.


Прокуратура органдары азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастыра береді.

54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!