Otpan News Logo

Оқушылар сарайында «AirHub» дрон кабинеті ашылды

|
23.02.2026 13:09
Оқушылар сарайында «AirHub» дрон кабинеті ашылды

Оқушылар сарайында жастардың инженерлік ойлауын дамытып, заманауи ІТ және авация саласына қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды жоба –  «AirHub» дрон кабинетінің ашылуы өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, МО білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаев, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Құдайберген Алмағамбетов, Қытай Халық Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымының білім беру бағыты бойынша басшысы Айлина Кииу, Халықаралық және инновация білім беру орталығының директоры Айман Абзал қатысты.


«AirHub» – заманауи технологияларды игеруге арналған инновациялық алаң. Жоба жас буынның техникалық әлеуетін арттырып, болашақ инженерлер мен ІТ саласының мамандарын даярлауға бағытталған. Мұнда оқушылар теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, цифрлық дәуір талаптарына сай білім қалыптастырады, жаңа кабинетте дрондарды басқарумен қатар олардың техникалық құрылымын, жұмыс алгоритмдерін, бағдарламалау тәсілдерін және қауіпсіз ұшу ережелерін жан-жақты меңгереді. Сабақтар практикалық бағытта ұйымдастырылып, білім алушылардың инженерлік ойлау қабілетін, шығармашылығын және топпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Оқушыларға сабақ беретін мамандар арнайы дайындықтан өтіп, Қытай Халық Республикасында білім алып келді. 


«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды «цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай өңірімізде ауқымды цифрлық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Бүгінгі шара – жүйелі жұмыстардың нақты нәтижесі. Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай бастамасымен бірқатар маңызды жоба қолға алынды. Соның бірі – Ақтау халықаралық әуежайы аумағында ірі «AirHub» орталығының ашылуы. Бұл жерде техниктер мен әртүрлі инженер мамандар дайындалады. Мектептің көмегімен оқушылар заманауи технологияларды ерте жастан меңгеріп, болашақта сол орталықта жоғары білікті маман ретінде қалыптасу мүмкіндігіне ие болады», - дейді Аббат Өрісбаев.
398
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!