Otpan News Logo

Облыс әкімдігінде азық-түлік бағасы, тұрақтандыру қоры және судағы қауіпсіздік мәселелері қаралды

Облыс әкімдігінде азық-түлік бағасы, тұрақтандыру қоры және судағы қауіпсіздік мәселелері қаралды

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті. Кеңесте өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, тұрақтандыру қорының жұмысы және жазғы шомылу маусымына дайындық шаралары талқыланды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Пікір Сансызбаевтың мәліметінше, өңірде азық-түлік бағасының индексі жыл басынан бері 104,8 пайызды құраған. Кейбір өнімдер республика деңгейімен салыстырғанда төмен, ал кейбірі бойынша жоғары баға тіркелген. Бағаны тұрақтандыру мақсатында 30 комиссия отырысы өткізіліп, 87 кәсіпкерге әкімшілік шара қолданылған. Сонымен қатар 119 жәрмеңке ұйымдастырылып, 340 сауда нысанымен меморандум жасалған.


Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы тұрақтандыру қорының жұмысын таныстырды. Қорда негізгі әлеуметтік маңызы бар өнімдер қоры жинақталған және бірқатар ірі жеткізушілермен келісімдер жасалған. Өңірде 109,5 мың тоннаға дейін өнім сақтай алатын қойма инфрақұрылымы бар.


Сондай-ақ жиында Төтенше жағдайлар департаменті шомылу маусымына дайындық барысын баяндады. Өңірде 45 рұқсат етілген жағажай мен 10 қауіпті аймақ анықталған. Қазіргі таңда құтқару инфрақұрылымы күшейтіліп, мобильді бекеттер жұмыс істеп тұр.


Жиын соңында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жауапты басқармаларға азық-түлік бағасын бақылауды күшейту, тұрақтандыру қорының тиімділігін арттыру және судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.

51
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!