Otpan News Logo

Ақтауда ауқымды кітап жәрмеңкесі өтеді

|
12.05.2026 21:07
Ақтауда ауқымды кітап жәрмеңкесі өтеді

Ақтау қаласында 15-16 мамыр күндері тұңғыш рет «Кітап керуен – Ақтау» кітап жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Іс-шара Қабиболла Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханада болады. 

 

15-16 мамыр күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін өтетін кітап жәрмеңкесіне еліміздің түпкір-түпкірінен келген баспалар қатысады. Атап айтқанда:

 

1. Qasym kitap

2. Steppe&World

3. Абай

4. Арман-ПВ

5. ZIYAT

6. SANA

7. MAZMUNDAMA

8. Marfu

9. Отбасы Хрестоматиясы

10. WIK HOUSE

 

Сондай-ақ жәрмеңкеге Роза Мұқанова, Оңайгүл Тұржан, Светқали Нұржан, Зира Наурызбай, Бақытгүл Сармекова сынды қаламгерлер, қоғам қайраткерлері мен кітап авторлары келеді. 


Ұйымдастырушылар іс-шарада авторлармен суретке түсіп, қолтаңбасымен кітап алуға мүмкіндік болатынын атап өтті. Бұдан бөлек, жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімі, түрлі тақырыптарда секциялық отырыстар ұйымдастырылмақ.


Айта кетейік, жәрмеңке Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен «Стратегиялық зерттеулер орталығы GUMOL» МЕМ-нің ұйымдастыруымен өтеді.

12
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!