Otpan News Logo

Ақтауда арбадағы теннистен үш халықаралық турнир өтеді

Ақтауда арбадағы теннистен үш халықаралық турнир өтеді

Ақтауда арбадағы теннис бойынша ITF WC50 санатындағы ірі халықаралық турнирлер өтеді. Жарыстар мамыр айында Rixos Water World Aktau қонақүй кешенінің базасында ұйымдастырылады, деп хабарлайды otpannews.kz


Аталған спорттық іс-шаралар Халықаралық теннис федерациясының (ITF), Қазақстан теннис федерациясының және серіктес ұйымдардың қолдауымен өтпек.


Бағдарламаға сәйкес, 11-12 мамыр күндері спортшылардың халықаралық классификациясы жүргізіледі. Одан кейін үш ірі турнир ұйымдастырылады:


• 13-16 мамыр – Rixos Water World Aktau Open 

• 18-21 мамыр – KPMG Open 

• 23-26 мамыр – Zijin RG Gold 


Жарыстарда спортшылар жекелей және жұптық сында бақ сынайды. Әр турнирдің финалдық кездесулері соңғы күні өтіп, жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен қорытындыланады.


Халықаралық додаға әлемнің түрлі елдерінен спортшылар қатысады деп күтілуде.

42
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!