Otpan News Logo

Ақтауда ұлттық мұра мен заманауи кәсіп тоғысқан DalaSkills-2026 республикалық байқауы басталды

|
13.05.2026 11:59
Ақтауда ұлттық мұра мен заманауи кәсіп тоғысқан DalaSkills-2026 республикалық байқауы басталды

Ақтауда техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы айтулы оқиға – «DalaSkills–2026» республикалық чемпионаты басталды. Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің базасында ұйымдастырылған байқауға қатысушылар республиканың әр өңірінен келді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Чемпионат аясында қатысушылар киіз басып, былғары өңдейді, құрақ құрап, ұлттық әшекейлер жасайды, сондай-ақ ұлттық киімдерді жобалау мен цифрлық модельдеу жасап, бау тоқу сияқты дәстүрлі өнер түрлерінен сынға түседі. Бұдан бөлек ұлттық тағамдар, тәтті және ұн өнімдері, сүт өнімдері мен қамыр тағамдарын әзірленіп, су биоресурстарын өңдеу технологиялары бойынша да жарысады. 


“Чемпионаттың маңызды бағыттарының бірі - этнотуризм. Қатысушылар ұлттық мәдениетті заманауи туризм индустриясына енгізудің жаңа форматтарын ұсынып, жобалар әзірледі. Өңіріміз табиғи ландшафттарымен ерекшеленеді. Осы тұрғыда «DalaSkills» чемпионаты - тек білім беру алаңы ғана емес, сонымен қатар өңірлік экономиканы дамытуға, ұлттық брендтерді ілгерілетуге және жаңа кәсіби бағыттарды қалыптастыруға бағытталған маңызды жоба. Биыл алғаш рет «DalaSkills» аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған «Abilympics» чемпионаты ұйымдастырылды. Оған маңғыстаулық оқушылар қатысып жатыр”,- деді Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алмагүл Каримова. 


Көрмелік форматта өткен бұл бағытта 68 оқушы 12 құзыреттілік бойынша өз жұмыстарын ұсынды. 


“Біз бүгін киіз басу құзыреттілігі бойынша байқауға қатысуға келдік. Оқушым ерекше білім беруді қажет ететін болса да қолөнер бұйымдарын жасауды ерекше жақсы көреді. Бүгінгі байқауға киізден бірнеше дүние жасар әкелдік. Бұның барлығына үш аптаға жуық уақыт кетті”,- деді Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко мектеп-лицейінің ұстазы Әйгерім Ахметова.
74
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!