Otpan News Logo

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының 4 балуаны жартылай финалға шықты

|
07.04.2026 12:44
Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының 4 балуаны жартылай финалға шықты

Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының төрт балуаны жартылай финалдық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды otpannews.kz тілшісі.


Олардың қатарында Ербол Камалиев (60 кг), Алматбек Аманбек (72 кг), Ибрагим Магомадов (82 кг) және Ислам Евлоев (97 кг) сынды ұлттық құрама мүшелері бар. Өкінішке қарай, 67 келіде күрескен Бағдат Сабаз алғашқы белдесуінде (1/8 финал) оңтүстіккореялық Чон Ханжеге 4:7 есебімен жол берді.


60 келіде Ербол Камалиев Қытай Тайбэйінен келген Су Йонг Суді мерзімінен бұрын жеңді (8:0). Енді ол финал жолдамасы үшін солтүстіккореялық спортшымен күреседі.


Ал Алматбек Аманбек (72 кг) қытай балуаны Ли Дунъюйді 3:1 есебімен жеңді. Отандасымыз енді жартылай финалда қырғызстандық танымал балуан Амантұр Исмаиловпен күреседі.


82 келіде Ибрагим Магомадов әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, өзбекстандық Арам Варданяннан 3:1 есебімен басым түсті. Жартылай финалға шыққан Магомадовтың келесі қарсыласы – Катар балуаны Шахин Бадагимофрад.


97 келіде Ислам Евлоев жапониялық Юри Наказатоны мерзімінен бұрын жеңді (8:0). Белдесу барысында қазақстандық балуан бір минут ішінде екі төрт ұпайлық әдісті орындап, келесі кезеңге кедергісіз өтті. Енді Евлоев финалға жолда парсы балуаны Мохаммадхади Саравимен кездеседі.


Бұған дейін жарыстың алғашқы күнінде сынға түскен Қаһарман Қисметов (77 кг) пен Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған еді.

14
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!