Otpan News Logo

Мектепке дейінгі білім берудегі ваучерлік жүйе: Ақтауда кезек саны екі есеге қысқарды

|
07.04.2026 10:16
Мектепке дейінгі білім берудегі ваучерлік жүйе: Ақтауда кезек саны екі есеге қысқарды

2025 жылдың шілдесінен бастап Ақтау қаласындағы 164 балабақша ваучерлік қаржыландыруға көшті. Нәтижесінде 1-6 жас аралығындағы балалар кезегі 11 927-ден 5 мыңға дейін, яғни екі еседен астам көрсеткішке азайды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Бүгінгі таңда қала бойынша ата-аналарға 22 286 ваучер беріліп, мектепке дейінгі білім беру саласындағы ашықтық жаңа деңгейге көтерілді. Мемлекет басшысының реформалары аясында енгізілген бұл жүйе «ақша баламен бірге жүреді» принципін негізге алады. Бұл тетік мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы бәсекелестікті арттырып, ата-аналарға таңдау еркіндігін беріп отыр.


Қазіргі таңда Ақтау қаласы бойынша барлығы 21 077 баланы қамтитын 164 мектепке дейінгі ұйым (35 мемлекеттік және 129 жекеменшік) жұмыс істейді. 


1 жылға жуық уақыт ішінде 2-6 жас аралығындағы кезекте тұрған балалар саны 9 254-тен 3 мыңға дейін төмендеп отыр. Кезекке қою және жолдама алу қызметтері Indigo-24.kz ақпараттық жүйесі арқылы 100% автоматтандырылды. Бұл деректер – жүйенің тиімділігіне дәлел. 


Бүгінге дейін ата-аналар қолына тиген 22 286 ваучер – бұл бюджет қаражатының мақсатты әрі нақты баланың тәрбиесіне жұмсалып жатқанының дәлелі.


Ақтау қаласында сынақтан сәтті өткен бұл тәжірибе алдағы уақытта бүкіл өңірге таратылады.


Жоспарға сәйкес, Маңғыстау облысының барлық аудандары мен қалаларында ваучерлік қаржыландыруды енгізу жұмыстары 2026 жылғы шілде айына жоспарланды”,- деді МО білім басқармасы басшысының орынбасары Құралай Газимова. 


Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, бұл қадам мектепке дейінгі тәрбие беру сапасын арттырып қана қоймай, жекеменшік сектордың дамуына да серпін бермек. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары бұдан әрі де жүйелі түрде жалғасады.

73
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!