Otpan News Logo

Ақтауда жас өнерпаз ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің алғыс хатымен марапатталды

|
07.04.2026 16:06
Ақтауда жас өнерпаз ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің алғыс хатымен марапатталды

Ақтауда өнерімен әлеуметтік желіде танылған 4-сынып оқушысы Аниса Таимова ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атынан арнайы алғыс хатпен марапатталды. Марапатты Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали табыстады.


Аниса қазіргі таңда Ақтаудағы №17 мектепте білім алады. Мұғалімдерінің айтуынша, ол оқу мен өнерді қатар алып жүрген, үлгерімі жақсы, белсенді оқушылардың бірі.


Жас өнерпаздың бұл салаға деген қызығушылығы ерте жастан байқалған. Әжесі Маржан Таимованың айтуынша, Аниса кішкентай кезінен өнерге бейім болып өскен.


-Кішкентай кезінен өнерге жақын болды. Мен өзім музыкант болғандықтан, ол үнемі менімен бірге ән айтып, қызығушылық танытатын. Алғашында музыкалық мектепке беріп, нота мен гитараны үйренді. Кейін домбыраға қатысты. Жетекшісі Ізбира Рахметовна оның қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырды. Қазір домбыра мен гитарадан бөлек, каратэ үйірмесіне және қосымша сабақтарға қатысады. Болашақта Америкада білім алып, қазақ мектебін ашып, ұстаз болуды қалайды. Осындай жоғары бағалауға ие болып отырғанымызға өте қуаныштымыз. Мұғалімдеріне үлкен алғыс айтамын, - деді Маржан Таимова.
64
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!