Otpan News Logo

Мұнайлы ауданында балықтан уланып, ауруханаға түскен үш науқас үйіне шығарылды

Мұнайлы ауданында балықтан уланып, ауруханаға түскен үш науқас үйіне шығарылды

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына ботулизм диагнозымен түскен науқастар емін аяқтап, үйіне шығарылды. Аурухана мәліметінше, дәрігерлер науқастарға қажетті ем жүргізіп, денсаулық жағдайын тұрақты бақылауда ұстаған. 


Дәрігерлерге көрсеткен көмегі, кәсібилігі мен қамқорлығы үшін алғыс айтамын. Осындай қиын сәтте қолдау көрсетіп, денсаулығымыздың жақсаруына үлес қосқан барша медицина қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін, – деді пациенттердің бірі.


Дәрігерлер ботулизмнің адам өміріне қауіп төндіретін ауыр инфекциялық ауру екенін ескертеді. Мамандар аурудың алғашқы белгілері байқалса, дереу медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді. Сондай-ақ үйде дайындалған консервілерді және сақтау талаптары бұзылған тағамдарды тұтынғанда сақ болу қажет.


Еске салсақ, Мұнайлы ауданында төрт туысқан – үш ересек адам мен 10 жасар бала 17 қыркүйекте сағат 20:00–21:00 аралығында отбасылық жиында балық жеген. Келесі күні кешке олардан ботулизмге тән алғашқы белгілер байқалған.


Туыстар 19 қыркүйекте Мұнайлы аудандық ауруханасына медициналық көмекке жүгініп, кейін облыстық ауруханаға ауыстырылған. Ал 6 қазан күні 10 жасар бала жансақтау бөлімінде көз жұмды.

8
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!