Otpan News Logo

Ақтауда кіреберісте ұйықтаған баланың отбасына мамандар барды

Ақтауда кіреберісте ұйықтаған баланың отбасына мамандар барды

OTPANNEWS.KZ. – Ақтауда көпқабатты үйдің кіреберісінде ұйықтап жатқан сегізінші сынып оқушысының жағдайын қоғам белсенділері назарға алды. Белсенді Диляра Турина балалардың құқығын қорғау саласының мамандарымен және кәмелетке толмағандарға психологиялық қолдау көрсету орталығының қызметкерлерімен бірге баланың үйіне барған.


Диляра Турина жасөспіріммен және анасымен жеке сөйлесіп, отбасының жағдайын сұраған. Оның айтуынша, баланың жүйке жүйесіне қатысты ерекшеліктері бар. Бұған дейін ол тиісті есепте тұрған, кейін есептен шығарылған. Қазір жасөспірім сегізінші сыныпта оқиды.


Анасы алты баланы тәрбиелеп отыр. 2025 жылы ота жасалған үлкен баласына мүгедектік берілген.


«Бұл отбасын төрт жылға жуық уақыттан бері танимын. Осы уақыт ішінде қолымнан келгенше көмектесіп, азық-түлік те беріп жүрдім. Жасөспірімнің анасы «телефон соққан әйелге балам бес күн бойы үйде болмады» деп айтпадым деді. Сондықтан баршаңызды асығыс қорытынды жасамай, жағдайдың мән-жайы толық анықталғанша күтуге шақырамын», – деді Диляра Турина.


Қоғам белсендісінің сөзінше, отбасының жағдайын тиісті мамандар бақылауына алған. Олар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және отбасына қажетті көмек көрсетуге атсалыспақ.

8
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!