Маңғыстаудан шамамен 40 миллион жыл бұрын өмір сүрген макрельдің қалдықтары табылды
МАҢҒЫСТАУ. OTPANNEWS.KZ — Маңғыстау аумағынан шамамен 40 миллион жыл бұрын өмір сүрген макрель балығының қазба қалдықтары табылды. Ғалымдар оны «Scomberomorus saevus» түріне жатқызады. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісінде @hedgehog_1979 жариялады.
Қазба қалдықтары орта палеоген кезеңіне тиесілі. Бұл – шамамен 40 миллион жыл бұрын Маңғыстау аумағында тіршілік еткен теңіз жануарларының бірі.
Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбадан балықтың омыртқа бөліктері мен қаңқасына тиесілі сүйек қалдықтарын көруге болады.
Scomberomorus saevus – қазіргі макрельдер тұқымдасына жақын ежелгі балық түрі.
Маңғыстау аумағы миллиондаған жыл бұрын теңізбен жабылған. Сондықтан өңірде ежелгі теңіз жануарлары мен өсімдіктерінің көптеген қазба қалдықтары кездеседі.