Ақтаулық тұрғын протез аяқпен 5 шақырым жүгіріп өтті
АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ – Caspian Marathon 2026 жарысында бір аяғына протез тағатын Владимир Дурманов алғаш рет марафонға қатысып, 5 шақырымдық қашықтықты жүгірді.
Қала тұрғыны бұл жарыс жай ғана спорттық дода емес, жеке жеңісіне бастайтын маңызды қадам екенін айтады. Ол бұл оқиға туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Бұл мен үшін жай ғана 5 шақырым емес. Бұл – жеке жеңісім және алға басқан тағы бір қадам!»- деп жазды Владимир әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әлеуметтік желі қолданушылары таңданыстарын білдіріп, спортшыға қолдау көрсетті.
72
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев