Otpan News Logo

Қазақтың ұлттық киімін киген ару Париж көшелерімен жүріп өтті

|
12.10.2026 11:06
Қазақтың ұлттық киімін киген ару Париж көшелерімен жүріп өтті

OTPANNEWS.KZ – Ақтаудағы әйгілі ұлттық сән үйлерінің бірі Меруерт Балманованың туындысы Парижде заманауи киім үлгісі ретінде көпшілікке ұсынылды. Ұлттық нақыштағы киім киген бикеш Эйфель мұнарасының жанында жүріп, туристердің назарын аударды. 


Киім үлгісінде қазақтың дәстүрлі сәндік элементтерінің бірі – шашақ қолданылған. Ұлттық киім тігетін сән үйі шашақты тек сәндік бұйым ретінде емес, қазақ халқының ұлттық болмысын, мәдени жадын және қолөнерінің нәзік эстетикасын жеткізетін белгі ретінде ұсынған.


«Қазақтың дәстүрлі сәндік элементі шашақ коллекциямызда жаңа мәнге ие болды. Біз оны жай әшекей ретінде емес, ұлттық болмысымызды, мәдени жадымызды және қазақ қолөнерінің нәзік сұлулығын жеткізетін ерекше деталь ретінде ұсындық. Біздің мақсатымыз – ұлттық мұраны сақтап қана қоймай, оны әлемдік сән кеңістігінде таныту»,- деп жазды дизайнер.
67
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!