Otpan News Logo

Маңғыстау облыстық ауруханасында Ашық есік күні өтеді

|
12.10.2026 10:07
Маңғыстау облыстық ауруханасында Ашық есік күні өтеді

OTPANNEWS.KZ. - 17 қазан күні Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының консультативті-диагностикалық емханасында кезекті Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды облыстық аурухананың баспасөз қызметі.


Іс-шара аясында тұрғындарды пульманолог дәрігер Гүлжан Кийнова, эндокринолог Фариза Тоқбаева, ревматолог Анар Тажигулова, гематолог М.Ахметова және нефролог Балихан Узакбаева, консультативті-диагностикалық емханасының меңгерушісі, терапевт, профпатолог Фаина Урынбасарова қабылдайды.


Аталған дәрігерлердің қабылдауына жазылу үшін 8 (72 92) 210-317 нөміріне (08:00-16:30 аралығында) хабарласыңыз.


Негізгі мақсат – тұрғындарға мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, аурудың алдын алу.


Қабылдау 17 қазан күні сағат 09:00 - 12:00 аралығында жүргізіледі.

83
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!