Otpan News Logo

Ақтауда тіс пастасын сатқан кәсіпкерге айыппұл салынды

|
12.10.2026 14:39
Ақтауда тіс пастасын сатқан кәсіпкерге айыппұл салынды

АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ – «SPLAT» тауар белгісімен контрафактілік тіс пастасын заңсыз сатқан жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі хабарлады.


Сот материалдарына сәйкес, 2026 жылғы 30 қыркүйекте Маңғыстау облысының Әділет департаменті азамат Т.-ның өтініші негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізген. Тексеру барысында жеке кәсіпкер Н.-ның «SPLAT» белгісі бар контрафактілік тіс пасталарын заңсыз сатқаны анықталған.


Аталған әрекет Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабына сәйкес, бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану ретінде сараланған.


Сот отырысында кәсіпкер өз кінәсін мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Оның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, түсініктемесімен, тексеру актісімен, айғақ заттармен және басқа да құжаттармен дәлелденген.


Осыған байланысты сот кәсіпкерге 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 129 750 теңге айыппұлды 30 пайызға қысқартып, 90 825 теңге әкімшілік айыппұл тағайындаған. Сонымен қатар контрафактілік тауарлар тәркіленуге жатады.


Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

42
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!