Otpan News Logo

Маңғыстауда өндірісте зардап шеккен жұмысшыға 7 миллион теңге төленді

|
12.10.2026 15:32
Маңғыстауда өндірісте зардап шеккен жұмысшыға 7 миллион теңге төленді

OTPANNEWS.KZ. - Ақтау қаласының №2 сотында азамат Е.-нің «Қ» акционерлік қоғамына моральдық зиянды өтеу және жоғалған жалақыны өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. Бұл туралы Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі хабарлады.



Сотта анықталғандай, талап қоюшы 2021 жылғы 13 мамырдағы еңбек шарты негізінде «Қ» АҚ-да 6-разрядты электр байланысы желілік құрылыстарының электрмонтері болып жұмыс істеген. 2021 жылғы 17 маусымда еңбек міндеттерін орындау барысында ол биіктіктен құлап, ауыр дене жарақатын алған. 


Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің арнайы тергеп-тексеру нәтижесіне сәйкес, аталған жазатайым оқиға өндірістегі жазатайым оқиға ретінде танылған. Бұл ретте жұмыс берушінің кінә дәрежесі 100%, ал жұмыскердің кінәсі жоқ деп белгіленген.


Сот отырысы барысында талап қоюшы жауапкерден моральдық зиянды өтеу ретінде 10 млн теңге, сондай-ақ еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына байланысты жоғалған жалақы ретінде 1 979 001 теңге өндіруді сұраған. Сот іс материалдарын зерттей келе, талап қою талаптарын ішінара қанағаттандыру туралы қорытындыға келген.


Талап қоюшының денсаулық жағдайын және оған келтірілген моральдық зиянның сипатын ескере отырып, сот шешімімен «Қ» АҚ-дан оның пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 7 млн теңге өндірілді. Талап қоюдың қалған бөлігін қанағаттандырудан бас тартылды.


Сонымен қатар, жауапкерден мемлекет кірісіне 2 162 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!