Otpan News Logo

МАЭК кәсіпорнында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

|
12.10.2026 10:25
МАЭК кәсіпорнында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысында «МАЭК» ЖШС инвестициялық бағдарламасы шеңберінде жылу және су құбыры желілерін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Журналистер кәсіпорынның инженерлік желілері мен жабдықтарының жай-күйі, жоспарланған жұмыстардың орындалу барысымен танысты.


Баспасөз турының мақсаты — инвестициялық бағдарламаның іске асырылу барысын бақылау және мемлекеттік реттеу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету.


— Инвестициялық бағдарламаның орындалуын бағалау кезінде қаражаттың игерілуінен бөлек, инженерлік желілер мен жабдықтардың тозу деңгейін төмендету, апаттық жағдайлардың алдын алу, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және шығындарды азайту сияқты тиімділік көрсеткіштеріне қолжеткізу де маңызды, — деп атап өтті Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Абылайхан Атжариев.


«МАЭК» ЖШС инвестициялық бағдарламасы жылу энергиясын өндіру және жабдықтау, сондай-ақ магистральды құбырлар арқылы су беру қызметтерін қамтиды. 2025 жылы №2 Орталық сумен жабдықтау торабы мен №3 Орталық сумен жабдықтау торабы арасындағы ауыз су құбырын күрделі жөндеудің бірінші кезеңі толықтай орындалды.


2026 жылы жылу желілері мен ауыз су құбырының учаскелерін күрделі жөндеу жұмыстары жалғасты. Жұмыстардың физикалық көлемі толықтай орындалды.

Жылу желісін жөндеудің бірінші кезеңін іске асыру мерзімдері конкурстық рәсімдердің бірнеше рет өтпей қалуы мен объектіні жылыту маусымы басталғанға дейін пайдалануға беру қажеттілігіне байланысты 2026 жылға ауыстырылған болатын.


Кейінгі жылдары инвестициялық бағдарлама шеңберіндегі жұмыстар жалғасады. Негізгі мақсат — инженерлік желілердің тозуын азайту, апаттардың алдын алу, жылу және сумен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін арттыру, сондай-ақ тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту.

14
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!