Otpan News Logo

«Мұнайлы ауданы Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де жүргізілген аудит нәтижелері туралы ақпарат

|
30.06.2026 10:45
«Мұнайлы ауданы Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де жүргізілген аудит нәтижелері туралы ақпарат

«Мұнайлы ауданы Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінің мониторингі деректерінің негізінде мемлекеттік мекемелердің жыл қорытындысы бойынша ең қауіпті төлемдер бойынша бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне аудиторлық іс-шара жүргізілді.


Аудит нәтижесімен Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 41 бабы 13-тармағына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 14 тармағына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 7- параграфының 228- бабына қайшы Шарттың 3.1, 3,4, 4.2, - тармақтарының талаптары сақталмай, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес орындалған жұмыстардың дұрыстығы сақталмай екі жағдайда барлығы 247 678,2 мың теңгеге бұзушылықтарға жол бергені анықталды.


Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 41 бабы 1-тармағына қайшы бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бірінші басшысы: тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің балансында есепте тұрмаған объектілерді күтіп-ұстауға бюджет қаражатын жұмсаудан; көрінген, бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғаны және (немесе) тиімсіз пайдаланылғаны және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 18- бабының 2- тармағының 7, 8, 9, 10, 18- тармақшаларына қайшы Мекемемен шарттың орындалу мерзіміне негізсіз өзгеріс еңгізілген.


Анықталған заң бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданып, бұзушылықтар жойылды, бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Г.Берниязова - Камералдық бақылау

бөлімінің басшысы

54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!