Otpan News Logo

«Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де жүргізілген аудит нәтижелері туралы ақпарат

|
30.06.2026 10:38
«Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де жүргізілген аудит нәтижелері туралы ақпарат

«Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінің мониторингі деректерінің негізінде мемлекеттік мекемелердің жыл қорытындысы бойынша ең қауіпті төлемдер бойынша бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне аудиторлық іс-шара жүргізілді.


Аудит нәтижесімен Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 41 бабы 13-тармағына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 7- параграфының 228- бабына, Қазақстан Республикасы Сауда жəне интеграция министрлігінің Техникалық реттеу жəне метрология комитеті Төрағасының бұйрығына қайшы Шарттың 4.1, 4.2, 4.3, 4,4, - тармақтарының талаптары сақталмай, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес орындалған жұмыстардың дұрыстығы сақталмай  595 282,5 мың теңгеге бұзушылықтарға жол бергені анықталды.


Анықталған заң бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданып, бұзушылықтар жойылды, бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Г.Берниязова - Камералдық бақылау

бөлімінің басшысы

66
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!